Видео

Панфилов дивизиясының соңғы ардагері ғасырлық мерейтойын атап өтті - видео

Панфиловшылар дивизиясының соңғы ардагері ғасырлық мерейтойын атап өтті. Алматы гарнизонының әскери қызметшілері аты аңызға 1941 жылы Мәскеу үшін күрескен дивизия жауынгері Қайырлы Жоңқабаевқа Қорғаныс министрінің атынан 100 жас мерейтойымен құттықтау хатын табыс етті
Sputnik

"Оңтүстік" аймақтық қолбасшылығының орынбасары Ұлттық ұлан полковнигі Ниязтай Әлкешевтің айтуынша, Қайырлы Жоңқабаевтың Ұлы отан соғысы кезіндегі ерен еңбегі ескеріліп, мерекеге дайындық мұқият жүргізілді.  

Түске таяу ардагердің үйінің алдында құттықтаушылар жиналды. Оны құттықтауға әскери оркестр сүйемелдеуімен Ұлттық ұлан сарбаздары ғана емес, әскери-патриоттық клубтардың жастары да келді. 

Ғасырлық мерейтойын тойлап жатқан ардагер Мәскеу үшін болған күресті де еске алды. 

"Соғыстың қиындығы сен өлтірмесең сені өлтіреді. Сондықтан жаумен бетпе-бет келгенде барлық тәсілді қолданы отырып, тек жеңуді ойлайсың. 200-300 метр қашықтықта болғанда жау оғын саған қарсы боратады. Сен де аянып қалмауың керек. Сол кезде қай жақтың жеңетіні белгілі болады. Біз Мәскеу үшін күресте қарашаның соңы мен желтоқсанға дейін жауды Балтық майданыда 150 шақырымдай аралықта қудық", - деп еске алды ардагер.

Ғасырлық мерейтойын атап өткен Панфилов дивизиясының соңғы ардагерін құттықтау сәтін видеодан тамашалаңыз.