Білім

Оралда оқу жылы басталмай жатып 38 сынып карантинге кетті

Батыс Қазақстан облысында коронавирус оқушылардан ғана емес, студенттерден де анықталған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 11 қыркүйек – Sputnik. Орал қаласында студенттер мен мектеп оқушылары арасында коронавирустың анықталуына байланысты 38 сынып пен бірнеше оқу орнының тобы карантинге кетті, деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

"Бүгінгі күні Орал  қаласы және Батыс Қазақстан облысы аудандарының бас санитар дәрігерлері қаулысымен оқушылар мен студенттер арасында коронавирустың тіркелуіне байланысты 26 мектептің 38 сыныбы және кәсіптік орта білім беру мекемелерінің үш тобы мен жоғары оқу орнының бір тобы карантинге жіберілді", - делінген хабарламада. 

Бұған дейін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова ел бойынша 241 сыныптың карантинге жіберілгенін мәлімдеген болатын

Сонымен қатар ол карантинге кеткен оқушылардың ішінде науқаспен байланысты болған балалар үшін қашықтан оқыту ұйымдастырылатынын атап өтті. Әзірше карантинге толығымен жабылған мектептер жоқ.

Оқи отырыңыз: "Терезесі биік орналасқан": Атырау облысында мектеп оқушылары ауырып жатыр