Денсаулық

Індет тағы 97 қазақстандықтың өмірін жалмады

Коронавирус жұқтырғандар арасында 1300-ден астам адамның жағдайы ауыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 10 қыркүйек — Sputnik. Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирустан 78, коронавирустық пневмониядан 19 адам көз жұмды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі. 

82 162 адам коронавирус инфекциясынан (оның 74 116 коронавирустан және 8 046 пневмониядан) емделуде, олардың ішінде 17 245 пациент стационарда, 64 917 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Ауруға шалдыққандардың арасында:

  • 1 310 адамның жағдайы ауыр,
  • 373 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 208 науқас өкпені жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.