Әлем

"Солтүстік ағын – 2" құрылысы аяқталды

Магистраль Ресейден Германияға дейін Балтық теңізінің түбі арқылы жүргізілді. Құбырды төсеуге үш жыл уақыт кетті
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 10 қыркүйек – Sputnik. "Газпром" "Солтүстік ағын – 2" газ құбырының құрылысы аяқталғанын мәлімдеді, деп жазды РИА Новости.

"Газпром" жария акционерлік қоғамында өткен таңертеңгі жедел жиында басқарма төраға Алексей Миллер бүгін Мәскеу уақыты бойынша сағат 08:45-те "Солтүстік ағын – 2" газ құбырының құрылысы аяқталғанын хабарлады", - деп жазылған компанияның Telegram-арнасында.

Құбырды пайдалану жыл соңына белгіленіп отыр.

"Солтүстік ағын – 2"

Магистраль Ресейден Германияға дейін Балтық теңізінің түбі арқылы жүргізілді. Газ құбырының екі тармағының қуаты – жылына 55 миллиард текше метр. Құбырды төсеуге үш жыл уақыт кетті.

Бұл жобаға Украина белсенді түрде қарсылық танытты. Ел билігі транзиттен түсетін табыстан айырылып қалудан қорықты. Сонымен қатар өзінің сұйылтылған табиғи газын Еуропаға жөнелтуді көздейтін АҚШ-та қарсы болды. Вашингтон құрылысқа тартылған компанияларға қатысты бірнеше рет санкция енгізді. Соның салдарынан құрылыс жұмыстары бір жылға шегерілді. Алайда Германия мен Австрия бұл жобаға белсенді түрде қолдау көрсетті.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда бірнеше елді мекен газға қосылады 

2019 жылдың 23 мамырында күшіне енген ЕО жаңартылған Газ директивасының айналасындағы дау әзірше шешімін тапқан жоқ. Оның нормативтері бойынша құжатта көрсетілген күннен кейін төселген құбыр ішінара балама жабдықтаушымен толтырылуы керек немесе оның ЕО территориясындағы учаскесі екінші тараптағы компанияға тиесілі болуы қажет. Германиядағы реттеуші мен сот "Солтүстік ағын – 2" құбырын осы құжат ережелерінен босатпау туралы қаулы қабылдады.

Ресей мұны құптамай отыр. Мәскеудің пікірінше, техникалық дәйектерге емес, экономикалық аргументтерге сүйену керек: директива жаңартылған шақта жобаға алдыңғы жағдайды есепке алып миллиардтаған инвестициялар салынды.