Спорт

Сағынтаев спорт алаңдарын қандай өзгеріс күтіп тұрғанын айтты

Әкімнің айтуынша, жыл соңына дейін бірқатар мектептің спорт алаңы жаңғыртылатын болады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 10 қыркүйек – Sputnik. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада бұқаралық спорттың қалай дамитынын айтты. 

"Балаларды дене шынықтыру және бұқаралық спортпен шұғылдануға баулимыз. Ол үшін жалпықалалық спорт инфрақұрылымынан бөлек мектеп жанындағы спорт аймағының әлеуетін дамытамыз", - деп жазды ол өзінің Instagram парақшасында.

Оның айтуынша, өткен оқу жылында мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында мектеп жанындағы 4 спорт алаңы жаңғыртылды. Биыл жыл соңына дейін 61 мектептің жанындағы спорт нысанын жаңғырту аяқталады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b)

"Онда 73 футбол, 63 волейбол мен баскетбол алаңы, сондай-ақ воркаут-аймақтар мен жүгіру жолдары бар", - деп атап өтті әкім.

Сағынтаевтың сөзінше, мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту туралы тапсырмасын іске асыру жалғаса береді.

Оқи отырыңыз: "Қыруар қаржы тиімсіз жұмсалады": депутат спорт саласындағы проблемаларды атады