АЛМАТЫ, 10 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Мағжан Ілиясов Ауғанстанға халықаралық көмек жеткізу үшін Алматыда гуманитарлық хаб ұйымдастыруды ұсынды, деп хабарлайды РИА Новости.
"Қыс жақындап келеді, екі айдан кейін Ауғанстанның көп бөлігінде жол жабылады, тіпті Кабулдағы әуежайдың тиімді жұмыс істеуі барлық гуманитарлық көмек адамдарға жеткізіледі дегенді білдірмейді", - деді ол БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің отырысында.
Осыған байланысты Ілиясов Ауғанстанға халықаралық гуманитарлық көмекті сақтау және тарату үшін баламалы өңірлік хаб құру қажет екенін атап өтті.
Оның айтуынша, Алматыдан Ауғанстанға ұшақпен жету үшін екі сағаттан аз уақыт қажет.
"Инфрақұрылымдық және логистикалық мүмкіндіктерді ескеріп, менің елім Алматыда Ауғанстан үшін баламалы гуманитарлық хаб құру мәселесі бойынша БҰҰ-мен өзара іс-қимыл жасауға дайын", - деп атап өтті ол.
9 қыркүйекте Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Ауғанстаннан 35 қандастың тарихи отанына оралды.
Қорғаныс министрлігінің арнайы ұшағы 9 қыркүйекте Кабулдан Алматы қаласының әуежайына 41 жолаушымен ұшып келді, олардың ішінде Қазақстанның 4 азаматы, Қырғызстанның 1 азаматы және Қазақстанда тұрақты тұратын 1 ауған бар.
Оқи отырыңыз: Қазақстан Талибанды* мойындамай, Ауғанстанмен қарым-қатынас орната ала ма