Өңірлер

Атырауда қылмыстық топ ұсталды

Тінту кезінде 31 жастағы ер адамның үйінен алты дана төлем терминалы, компьютерлік компоненттер және қосымша перифериялық құрылғылар табылып, тәркіленді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 10 қыркүйек – Sputnik. Атырауда төлем жүйесінен 11 миллион теңге жымқырған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Полиция қызметкерлеріне ЖШС-нің қауіпсіздік қызметкері хабарлама берген.

Тәртіп сақшылары дереу жедел іс-шара ұйымдастырып, күдіктілер аталған ЖШС-да бұрын істеген қызметкерлер екендігін анықтады. Олардың бірі қазіргі күнге дейін сол жерде жұмыс істеп, мәліметтерді бөлісіп отырған.

Тінту кезінде 31 жастағы ер адамның үйінен алты дана төлем терминалы, компьютерлік компоненттер және қосымша перифериялық құрылғылар табылып, тәркіленді. Топ мүшелерінің бірі төлем жүйесіне кіру паролімен қамтамасыз етсе, енді бірі ұрланған ақшаларды өзара бөліп отырған.

"2021 жылдың 21 наурызынан бастап шілденің 4-не дейінгі кезеңде белгісіз тұлғалар жалпы сомасы 11 170 000 теңге ақша қаражатын ұрлады", – дейді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Полицияның мәліметінше, алты адамнан тұратын топ қылмыстық әрекеттерін үш ай бойы іске асырып келген.

Қазіргі уақытта 26-31 жас аралығындағы алты күдіктіге қатысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 188-бабы 4-бөлігі 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер кінәсін толықтай мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.