Оқиға

Алматыда түнде болған жол апатында екі адам көз жұмып, бесеуі жарақат алды

Қатты соққыдан екі көлік те ондаған метрге ұшып кеткен. Subaru шам бағанасын құлатып, тағы біреуіне соғылады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 10 қыркүйек — Sputnik. Алматыда түнде көлік апаты болып бес адам жарақат алып, екеуі көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жол апаты Жандосов пен Шаймерденов көшелерінің қиылысында болған. 

Алматыда түнде болған жол апатында екі адам көз жұмып, бесеуі жарақат алды

Mitsubishi Carisma көлігі дүкен алдында тұрған, оның ішінде үш адам болған. 

Алматыда түнде болған жол апатында екі адам көз жұмып, бесеуі жарақат алды

Сол уақытта Жандосов көшесімен жоғары жылдамдықта келе жатқан Subaru Legacy көлігі Шаймерденов көшесінің қиылысында рөлге ие бола алмай қарсы жолаққа шығып, дүкен алдында тұрған Mitsubishi көлігіне соғылды.

Алматыда түнде болған жол апатында екі адам көз жұмып, бесеуі жарақат алды

Қатты соққыдан екі көлік те ондаған метрге ұшып кеткен. Сол уақытта Subaru шам бағанасын құлатып, тағы біреуіне соғылады.

Апат салдарынан Mitsubishi көлігіндегі 1985 жылғы жүргізуші мен 1987 жылғы жолаушы сол жерде көз жұмды. Бес адам  - Subaru көлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы, Mitsubishi- де болған тағы бір жолаушы жарақат алды. Олардың барлығы ауруханаға жеткізілді. 

Алматыда түнде болған жол апатында екі адам көз жұмып, бесеуі жарақат алды

Оқиға орнында полиция апаттың себебін анықтау үшін жұмыс істеп жатыр. Subaru көлігінен виски алкогольдік ішімдігі табылды.