Саясат

Сенат Есеп комитетінің мүшесін қызметінен босатты

Ол басқа жұмысқа ауысуына байланысты сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың атына лауазымынан босату туралы өтініш жазған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек – Sputnik. Парламент сенаты республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі Талғат Жақанның өкілеттігін тоқтатты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

31 тамыз күні Талғат Жақан басқа жұмысқа ауысуына байланысты сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың атына лауазымынан босату туралы өтініш жазған.

Осыған байланысты Сенатқа республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің сенат тағайындаған мүшесі Талғат Амангелдіұлы Жақанның өкілеттігін тоқтатуға және оны лауазымынан босатуға ұсыным жасалды.

Жоғарғы палата депутаттары Талғат Жақанның өкілеттігін тоқтату туралы бірауыздан шешім қабылдады.

Айта кетері, Жақан есеп комитетінің мүшесі қызметіне 2016 жылы 16 қыркүйекте сенат қаулысымен тағайындалған болатын.