Қоғам

Қазақстандық оқытушы әлемдегі үздік 50 мұғалімнің қатарына қосылды

2019 жылы Асхат Жұмабеков National Teacher Prize Kazakhstan ұлттық сыйлығының финалисі болды, енді ол миллион доллар сыйлықақы үшін таласады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек – Sputnik. Семейлік физика пәнінің оқытушысы Асхат Жұмабеков "Global Teacher Prize" беделді халықаралық сыйлығының финалисі болды. Бұл туралы Қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қоры хабарлады.

"Асхат жүлде тарихында жаһандық сыйлықтың финалистері тізіміне енген алғашқы қазақстандық болды. Асхатқа жеңіс тілейміз", - делінген хабарламада.

2019 жылы Асхат Жұмабеков Қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қоры ұйымдастырған National Teacher Prize Kazakhstan 2019 ұлттық сыйлығының финалисі болды.

Global Teacher Prize – жетінші жыл қатарынан өтіп жатқан халықаралық жүлде. Ол өз мамандығына ерекше үлес қосқан мұғалімге беріледі. Жеңімпаз миллион доллар алады.