Білім

"Болашақ" стипендиясы 196 үміткерге тағайындалды

Биыл республикалық комиссия 2021 жылдың басым мамандықтарының тізіміне вирусология, робототехника, сондай-ақ жасампаз экономикаға қатысты мамандықтарды қосты
Sputnik

АЛМАТЫ, 9 қыркүйек – Sputnik. 196 қазақстандық "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегері атанды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұл туралы Халықаралық бағдарламалар орталығының президенті Айнұр Қарбозова хабарлады.

"8 қыркүйекте Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен конкурстық іріктеуді сәтті өткен 196 үміткерге "Болашақ" халықаралық стипендиясы тағайындалды. Стипендия иегерлерін осы жауапкершілігі жоғары мәртебемен құттықтап, жырақта ауырып қалмай, оқуды сәтті игеруді тілеймін", - деп жазды Айнұр Қарбозова Facebook парақшасында.

"Болашақ" халықаралық стипендиясының иегерінің тізімін мына жерден көруге болады.

"Болашақ" халықаралық стипендиясын 1993 жылдың 5 қарашасында Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев тағайындаған болатын. Бағдарламаның мақсаты – білікті мамандар даярлау.

Биыл республикалық комиссия 2021 жылдың басым мамандықтарының тізіміне вирусология, робототехника, сондай-ақ жасампаз экономикаға қатысты мамандықтарды қосты. Сондай-ақ биотехнологтар, биологтар мен вакцинация саласындағы мамандарға ерекше көңіл бөлініп отырғанын жеткізді.