Өңірлер

Карантин кезінде қытайларды отанына жіберуге уәде еткен алматылық әйел ұсталды

Әйел Қытай азаматтарын отанына жіберу үшін әрқайсысынан 950 мың теңгеге дейін ақша алған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек – Sputnik. Алматыда карантин кезінде Қытай азаматтарын отанына жіберуге уәде еткен әйел ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

40 жастағы М. есімді әйелдің заңсыз әрекетіне 20-дан аса адам шағымданған болатын. Олар полицияға ресми түрде арыз жазды.

"Жәбірленушілердің айтуынша, күдікті 2021 жылдың ақпанынан сәуіріне дейінгі аралықта туристік фирма атынан әрекет етіп, Қытай азаматтарына оларды ұшақ арқылы өз отанына жіберуге уәде берген. Бұл қызметі үшін әйел әрқайсысынан 650 мыңнан 950 мың теңгеге дейін ақша алған. Алайда уәдесін орындамаған", - деді Бостандық аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Ғалым Қасымбаев.

Бұл факті Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі бойынша (Алаяқтық) тіркелді.

Тағы оқыңыз: "Халық күтіп отыр": депутат Қытаймен шекаралас аудандарға төнген қауіпті атады

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Кейін сот шешімімен әйел қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.