НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек – Sputnik. Өткен тәулікте коронавирус пен COVID-19 белгілері бар пневмониядан 86 қазақстандық көз жұмды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
ПТР-тесті оң нәтиже көрсеткен коронавирустан 72 науқас, ал пневмониядан 14 пациент қайтыс болды.
9 қыркүйектегі мәлімет бойынша, республикада 84 262 адам коронавирус инфекциясынан (–76 339 + және 7 923 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде 17 749 пациент стационарда, 66 513 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Індетке шалдыққандар арасында:
- 1 390 адамның жағдайы ауыр,
- 346 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 197 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.