Әлем

Адам құтқармақ болған Ресейдің төтенше жағдайлар министрі қаза болды

Ол арктикалық аймақта төтенше жағдайлардан қорғану бойынша ведомствоаралық оқу-жаттығуға қатысып, адам өмірін құтқаруға тырысқан
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 8 қыркүйек — Sputnik. Ресейдің төтенше жағдайлар министрі Евгений Зиничев қызметтік міндетін орындау барысында көз жұмды, деп хабарлады РИА Новости.

Ресми мәліметке сәйкес, министр ведомствоаралық оқу-жаттығулары кезінде адамды құтқарамын деп қаза болды.

"Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігі Евгений Зиничевтің қызметтік міндетін орындау кезінде опат болғанын қайғырып хабарлайды. Ол арктикалық аймақта төтенше жағдайлардан қорғану бойынша ведомствоаралық оқу-жаттығуға қатысып, адам өмірін құтқаруға тырысқан", - делінген ресми хабарламада.

Евгений Зиничевтің өмірбаяны

Евгений Зиничев 1966 жылы Ленинградта дүниеге келген. Санкт-Петербургтің бизнес және құқық институтының "Қаржы және кредит" факультетін тәмамдаған.

1984-1986 жылдары КСРО Қарулы күштері қатарында Солтүстік флотта мерзімді әскери борышын өтеп келген.

1987-2015 жылдары мемлекеттік қауіпсіздік органдарында жұмыс істеді.

2013 жылы Ресей Федерациясының Қарулы күштері Бас штабының әскери академиясында кәсіби қайта даярлаудан өтті.