Фото

Қазақстаннан Шри-Ланкаға дейін: әлем елдеріндегі мектеп формасы қандай – фото

Sputnik

Кей елде оқушылар мектеп формасы міндетті болса, басқа елде оқушыларға еркін стильде киінуге рұқсат етті.

Мысалы, 2021-2022 оқу жылында қазақстандық оқушылар мектеп формасын киюге міндеттелмеді. Білім министрлігі мектеп формасын киюді құптағанымен, ата-ана мүмкіндігі болмаса, оқушыларға классикалық стильдегі киім киюге рұқсат етті.

Sputnik суреттер топтамасынан әлемнің түрлі елінде оқушылар мектепке қандай киім киіп баратынын көре аласыз.

1 / 26
Сьерра-Леонедегі оқушылар, Батыс Африка
2 / 26
Қытайдың Гуйчжоу провинциясындағы Қызыл армия атындағы Ян Дэчжи бастауыш мектебінің оқушылары пионер галстугін тағып, жұлдызды фуражка киеді
3 / 26
Білім күніне арналған салтанатты жиындағы қазақстандық бірінші сынып оқушылары
4 / 26
Коломбо теңіз портының жағалауында тұрған Шри-Ланкадағы мұсылман оқушы қыздар
5 / 26
Мектеп формасын киген Бьяк Бетью тайпасының балалары, Индонезия
6 / 26
Үнді оқушы қыз мектептегі йога сабағында есінеп отыр
7 / 26
Пәкістан оқушылары Пешавардағы мектепке барар жолда
8 / 26
1970-шы жылдардағыдай киінген оқушылар Сеулдегі Наксан саябағында суретке түсуде (Оңтүстік Корея)
9 / 26
Сабаққа бара жатқан палестиналық оқушылар
10 / 26
Америкалық оқушылар, Жаңа Орлеан
11 / 26
Эзбет-ан-Нахльдегі Махаба мектебіндегі мысырлық оқушылар
12 / 26
Мектепке кіребіресте топтасқан мексикалық оқушылар
13 / 26
Бетперде таққан оқушылар Испанияның солтүстігіндегі Памплонаның Луис Амиго мектебіне кіретін сәтті күтіп тұр
14 / 26
Пхеньяндағы оқушылар сыпырғы ұстап келе жатыр. Мұндағы мектептерде тұрақты түрде сенбілік өткізіледі және оқушылар қызыл галстук тағады
15 / 26
Гонконг көшесімен келе жатқан жоғары сынып оқушылары
16 / 26
Бухаресте оқу жылының басталуын мерекелеу кезіндегі оқушылар, Румыния
17 / 26
Мария Кюри мектебінің оқушылары, Вьетнам
18 / 26
Каракастағы мектепте секіріп, қуанып тұрған балалар, Венесуэла
19 / 26
Нигериялық оқушылар
20 / 26
Бағдадтағы алғашқы оқу күнінде оқушылар сапқа тұрып жатыр, Ирак
21 / 26
Зимбабведегі мемлекеттік мектеп оқушылары. Билік коронавирусқа байланысты шектеуді біршама жеңілдеткен соң білім мекемелері қайта ашылды
22 / 26
Коронавирусқа қарсы оқшаулану шаралары жеңілдетілгеннен кейін Глазгодағы (Шотландия) оқушылар да мектепке қайта оралды
23 / 26
Асунсьондағы оқушылар мектепке бара жатыр, Парагвай
24 / 26
Ресей аумағындағы 1 қыркүйек. Оқушылар Білім күніне арналған салтанатты жиынға бара жатыр, Сочи
25 / 26
Гаванада сабақ арасындағы үзіліс кезінде әңгімелесіп тұрған оқушылар
26 / 26
Сабақтан кейін үйіне қайтып бара жатқан оқушылар, 2021 жылдың 7 қыркүйегі, Нұр-Сұлтан