НҰР-СҰЛТАН, 8 қыркүйек — Sputnik. Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар Алматы облысы Текелі қаласында өрт шыққан үйдің тұрғындарын дер кезінде эвакуацилялады, деп жазды polisia.kz.
Құтқарушылардың әрекеті видеоға түсіп қалған.
Оқиға 7 қыркүйек күні сағат 16:10-да болды. Төрт қабатты үйдің үшінші қабатындағы пәтерден өрт шыққан.
Жедел тергеу тобы оқиға орынана өрт сөндіру қызметкерлерімен бір уақытта келді. Бірнеше минуттан кейін оларға жергілікті учаскелік инспекторлар да қосылды.
Құтқару операциясы кезінде өрт сөндірушілер алты адамды өрт ошағынан алып шықты. Оның үшеуі бала болатын. Қауіпті аймақтан жалпы саны 11 адам шығарылды.
Сағат 16:48-де өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.