Қоғам

"Хюррем Сұлтан" Қазақстанға келеді

Қазақстандағы тұсаукесерге Мерьем Узерлиден басқа Корея, Ресей, Қытай және басқа елдердің әйгілі телехикаяларының жұлдыздары шақырылады
Sputnik

АЛМАТЫ, 8 қыркүйек – Sputnik. "Muhteşem yüzyıl" ("Сүлеймен сұлтан") сериалында басты рөлді сомдаған Мерьем Узерли Қазақстанға келеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Хюррем Сұлтанның рөлін сомдаған актриса Қазақстанға 2022 жылдың басында келеді. Ол Қазақстанда өтетін Aitysh Asian World Film Festival кинофестивалінің тұсаукесеріне шақырылады.

Бұл жоба Азияның, Орталық, Шығыс және Солтүстік Африканың 50-ден астам елін қамтиды.

Фестиваль кезіндегі телехикаялар үшін жаңа премия ұйымдастырушылардың бірі – Еуразиялық банктің директорлар кеңесінің мүшесі, қазақстандық кәсіпкер Шухрат Ибрагимов, деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.

Қазақстандағы тұсаукесерге Мерьем Узерлиден басқа Корея, Ресей, Қытай және басқа елдердің әйгілі телехикаяларының жұлдыздары шақырылады.

Asian World TV Series Awards марапаттау рәсімі 2022 жылдың мамырында Ыстанбұлда өтеді.

Мерьем Узерли бірнеше күн бұрын Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында болды. Ол өзі үшін 2022 жылдың мамырында Ыстанбұлда өтетін Asian World TV Series Awards амбассадоры болғаны үлкен мәртебе екенін жазды.

Мерьем Узерли 1983 жылы Германияда дүниеге келген. Көпшілікке Хюррем сұлтан рөлі арқылы танылды. Телесериалдың алғашқы маусымы 2011 жылы шықты.