Қоғам

Үсік жүреді: алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

Солтүстік пен орталықта 9 қыркүйекте топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. Күндіз ауа температурасы төмендейді
Sputnik

АЛМАТЫ, 8 қыркүйек – Sputnik. Қазгидромет 9-11 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Болжамға сәйкес, солтүстікте, солтүстік-шығыста, шығыста  жаңбыр жауады. Тек оңтүстік пен батыста жауын-шашын болмайды.

10 қыркүйектен бастап Солтүстік циклонның Қазақстан аумағына ығысуына орай, еліміздің басым бөлігінде, таулы аудандарда және оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлердің солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.

Батыста, солтүстік-батыста ауа температурасы біртіндеп көтеріледі. Түнде +3...+11°C-тан +5...+15°C-қа дейін, күндіз +15...+23°C-тан +20...+28°C-қа дейін көтеріледі.

Қазақстанда қыркүйекте ауа райы қандай болады

Солтүстік пен орталықта түнде +2...+13°C болады, 9 қыркүйекте топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. Күндіз ауа температурасы +15...+23°C-тан +10...+20°C-қа дейін төмендейді.

Шығыста негізгі фон түнде +2...+16°C-қа, күндіз +15...+25°C-қа, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста түнде +10...+18°C-тан +4...+14°C-қа дейін, күндіз +19...+30°C-тан +15...+25°C-қа дейін төмендейді.

Мегаполистегі ауа райы

Алматыда 9 қыркүйекте күн ашық, ауа температурасы +19...+26°C көрсетіп тұр. 10 қыркүйекте күн алабұлтты болып, жаңбыр жауады. Түнде +13°C, күндіз +18°C жылы болады. 11 қыркүйекте күн ашық, ауа температурасы +12...+23°C көрсетеді.

Нұр-Сұлтанда 9 қыркүйекте күн алабұлтты болып, ауа температурасы +6...+18°C көрсетеді. 10-11 қыркүйекте жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +10...+11°C, күндіз +15...+18°C болады.

Шымкентте 9 қыркүйекте күн ашық болады. Ауа температурасы +19...+28°C көрсетеді. 10 қыркүйекте күн алабұлтты, жаңбыр жауады. 11 қыркүйекте күн ашылып, ауа температурасы +12...+27°C жылы болады.