Тәлібтер Кабулда әйелдер құқығын қорғауға арналған акция кезінде көзден жас ағызатын газ бен электр есеңгіреткіш қолданды.
Террористер бұған нәзік жандардың өздері кінәлі екенін мәлімдеді: олар митинг ұйымдастырып, жағдай бақылаудан шығып кеткен.
Сондықтан олар әйелдерді "тыныштандыруға" мәжбүр болыпты.
Тәлібтер бұған дейін Ауғанстандағы әйелдер құқығын құрметтеуге ниетті екенін мәлімдеген болатын.
*Талибан - Ауғанстанда билікке келген экстремистік қозғалыс. Қазақстанда және басқа да бірқатар елде тыйым салынған