Әлем

Бейтаныс адаммен кеткен: Ресейде жоғалған қыздардың денесі қараусыз қалған үйден табылды

Қыздардың күдіктімен бірге кеткен сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Ол дүкеннен балаларға тәтті сатып алған
Sputnik

НҰР -СҰЛТАН, 7 қыркүйек – Sputnik. Ресейдің Кемерово облысындағы Киселевск қаласында он жастағы екі қыз 6 қыркүйекте жоғалып кетті. Бір күннен кейін олардың денесі қараусыз қалған үйден табылды.

Ресей тергеу комитетінің мәліметінше, оқушы қыздарды өлтірді деген күдікпен 41 жастағы ер адам ұсталды.  

"Ол бұрын сотталған Мыски қаласының тұрғыны болып шықты. Ер адаммен тергеуші жұмыс істеп жатыр", - делінген тергеу комитетінің хабарламасында.  

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, күдікті 2009 жылы педофилия үшін 10 жылға сотталған.

Қыздар бейтаныс адаммен кетті ме?

Қыздар 6 қыркүйекте жоғалған, олар таңертең мектепке кетіпті, бірақ мектепке бармаған. Кейінірек Желіде жергілікті дүкендердің бірінде жоғалған оқушыларға ұқсайтын қыздар түсірілген видео жарияланды. Олардың қасында ер адам болған.

Куәгерлердің айтуынша, ер адам оларға тәттілер сатып алған, содан кейін үшеуі дүкеннен шығып кеткен.

Келесі күні қараусыз қалған үйден қыздардың мәйіті табылды.  

Күдікті туралы не белгілі

Күдікті 2009 жылы кәмелетке толмаған балаға жыныстық зорлық көрсеткені үшін 10 жылға сотталған, екі рет әкімшілік қадағалау шарттарын бұзған, полиция ескертумен шектелген, деп хабарлады РИА Новости.

Кузбасс үкіметі қаза болған оқушы қыздардың отбасыларына көмектесуге уәде берді.