Экономика

Қазақстан мен Ресей арасында әуе рейстерінің саны артады

Ресейге әуе рейстерін арттыру мәселесі ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 7 қыркүйек – Sputnik. 22 қыркүйектен бастап Ақтөбе – Қазан бағытында әуе рейсі іске қосылады.

Ресейге әуе рейстерін арттыру мәселесі Қазақстан аумағында коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында қаралды.

"Нәтижесінде 22 қыркүйектен бастап "Qazaq Air" әуе компаниясы аптасына 1 рейспен Ақтөбе – Қазан бағытында ұшуды бастайды", - деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Тағы оқыңыз: Қазақстан Түркияға ұшатын әуе рейстері санын арттырады

Ресеймен арадағы рейстер санының одан әрі ұлғаюы эпидемиологиялық жағдайға, ведомствоаралық комиссия мен Ресейдің мемлекеттік органдарының шешімдеріне байланысты болады.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.