Қоғам

Головкиннің Шварцнеггермен түскен суреті жарияланды

Белгілі қазақстандық боксшы суретті әлеуметтік желідегі Instagram парақшасында бөлісті
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 7 қыркүйек – Sputnik. Геннадий Головкин суретте 74 жастағы аңызға айналған актер және саяси тұлға Арнольд Шварцнеггермен тұр. 

"Аңыз адамға деген сыйластық, басқа ештеңе емес", -  деп жазды ол. 

"Екі аңызға айналған тұлға", "оң жақтағы да аңыз адам" деп жазды желі қолданушылары комментарийде. 

Бұған дейін боксшы Алматыда өткен қайырымдылық шарасына қатысқан болатын. Ол жерде лотқа оның қолтаңбасы бар қолғабы қойылды.

Оқи отырыңыз: Танымал әзілкеш Головкиннің өзіне жасаған сыйы туралы айтты - видео