Экономика

Тоқаев "Alageum Electric" электротехника зауытына барды

Зауыттың құрылысына 10 миллиард теңге инвестиция салынған. Шығарылатын өнімнің 98 пайызы ТМД елдеріне экспортталады
Sputnik

НҰР -СҰЛТАН, 7 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары аясында Петропавлдағы "Alageum Electric" электротехника зауытының жұмысымен танысты, деп хабарлады Ақорда.

Президентке трансформатор өндірісінің технологиялық желісі көрсетіліп, кәсіпорын қызметкерлеріне көрсетіліп жатқан әлеуметтік қолдау шаралары мен өндірісті одан әрі кеңейту жоспарлары туралы айтылды.

Зауыттың құрылысына 10 миллиард теңге инвестиция салынған. Жобалық қуаты бойынша кәсіпорын жылына 13 мың трансформатор шығарады деп жоспарланған. Шығарылатын өнімнің 98 пайызы ТМД елдеріне экспортталады.

Тоқаев астыққа экспорт салығын енгізу туралы: бұған әлі ерте деп ойлаймын

Кәсіпорын еңбеккерлері, соның ішінде оңтүстік өңірден көшіп келушілер жеңілдікпен тұрғын үй алу мүмкіндігіне ие. Тәлімгерлерге оқуға және кейін жұмысқа орналасуға жағдай жасалады.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек ұжымымен әңгімелесті. Президент кәсіпорынның жұмысы мен оның экспорттық әлеуетіне жоғары баға берді. Мемлекет басшысы зауыттың табысты дами беретініне сенім білдіріп, отандық өнім өндірушілерге үкімет тарапынан жан-жақты көмек көрсетілетінін айтты.