Өңірлер

Үсік жүреді: синоптиктер алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын айтты

Республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады, ауа температурасы төмендейді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 6 қыркүйек – Sputnik. Қазгидромет 7-9 қыркүйек күндері ауа райы қандай болатынын болжады.

Синоптиктердің болжамынша, республиканың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды, солтүстікте нөсер жаңбыр жауады. Тек оңтүстік өңірлерде ғана күн ашық.

8-9 қыркүйекте түнде Қостанай облысында, 9 қыркүйекте Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында 2 градус үсік жүреді.

Республиканың батысында, солтүстік-батысында түнде ауа температурасы +5...+10°C, күндіз  +14...+22°C, солтүстікте және орталықта түнде +2...+7°C, күндіз +13...+23°C, шығыста түнде +7...+12°C, күндіз +20...+25°C болады.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда қыркүйекте ауа райы қандай болады

Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнде сынап бағанасы +10...+15°C, күндіз +22...+27°C көрсетеді.

Мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтан

  • 7 сәуірде күн ашық болады, түнде +15, күндіз +26 градус жылы.

Алматы

  • 7 сәуірде күн ашық, түнде +22 градус, күндіз +34 градус ыстық.

Шымкент

  • 7 сәуірде күн ашық, түнде +24 градус, күндіз +36 градус ыстық.