Оқиға

Полиция Тастақта төбелескендердің бірін ұстады

Алматы полициясы дүйсенбі, 6 қыркүйекте Тастақ базарының маңында болған төбелес туралы толық ақпарат берді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 6 қыркүйек – Sputnik. Алматыда дүйсенбі күні "Тастақ" базары аумағында төбелескен ер адамдардың бірі ұсталды, деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Куәгер екі ер адамның төбелесін телефонға түсіріп алған, олардың бірінің қолында тапаншаға ұқсас зат болған.

Теміртауда төбелесті тоқтатпақ болған бала көз жұмды – желіде видеосы тарады

Полицияның мәліметінше, жанжал бір-бірін бұрыннан танитын адамдар арасында болған. Олардың бірі газ тапаншасын қолданған. Ешкім зардап шекпеді.

"1989 жылы туған күдікті ұсталды. Ол қылмыс құралын лақтырып жібергенін айтты, бұл факт анықталып жатыр. Тергеу жалғасуда", - деді Алмалы ауданы полиция басқармасының басшысы полиция полковнигі Есен Ысқақов.

Қазақстан Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.