НҰР-СҰЛТАН, 6 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында 6 қыркүйектен бастап Тұран даңғылындағы Bus Lane автобус жолағы уақытша алынады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Өзгеріс Сығанақ көшесінен Керей Жәнібек хандар көшесіне дейінгі әуежай бағытындағы учаскеге ғана енгізіледі.
"Bus Lane жолағын уақытша алып тастау туралы шешімді Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі көшелердің өткізу қабілетін жақсарту үшін, сондай-ақ оқу кезеңінің басталуына және кейіннен елорда көшелеріндегі автомобиль трафигінің ұлғаюына байланысты қабылдады", - делінген хабарламада.
Осы учаскедегі Bus Lane жұмысы бірқатар ірі инфрақұрылымдық шешімдер енгізілгеннен кейін қалпына келтіріледі, олардың бірі Ш.Айтматов баламалы көшесінің құрылысын аяқтау болып саналады.
Айта кету керек, Тұран даңғылындағы Керей Жәнібек хандар көшесінен Сығанақ көшесіне дейін «Хан Шатыр» СОО бағытында Bus Lane жолы өзгеріссіз қалады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарын маршрутты алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Ол үшін Yandex картасы, 2GIS ыңғайлы мобильді қосымшалары бар.
Сондай-ақ қала көшелерінде тұрақты маршруттық автобустар қозғалысының басымдылығын есте ұстаған жөн.
Оқи отырыңыз: "Енді көпір керек": Нұр-Сұлтанда Тәуелсіздік көшесінің бөлігі пайдалануға берілді