Қоғам

Танымал әзілкеш Головкиннің өзіне жасаған сыйы туралы айтты - видео

Осы жылдың басында Сабуров Калифорнияда қазақстандық боксшы Геннадий Головкин және Али Ахмедовпен кездескен болатын
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 6 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандық стендап-әзілкеш Нұрлан Сабуров Геннадий Головкин сыйлаған қолғап жайлы айтты.

"Гена маған екі қолғап сыйлады. Оның біруі жекпе-жектен кейінгі. Генада UFC-тен кейінгі ондаған қолғап бар. Мен өмірімде бірінші рет кәсіби қолғаптарды көрдім. Ол маған Деревянченкомен жекпе-жектен кейінгі қолғабын көрсетті. Ол жерде бірде-бір жырық болған жоқ. Кәсіби қолғаппен ұрғаннан жұдырықпен ұрған жеңілірек болады екен", - деді ол Kuji Podcast-тың Youtube арнасына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, ол мұндай сыйлықты күтпеген және сый алғанда ерекше әсерде болған.

Осы жылдың басында Сабуров Калифорнияда қазақстандық боксшы Геннадий Головкин және Али Ахмедовпен кездескен болатын.

Жаттығу залындағы кездесуден естелікті Ахмедов жариялаған еді.

Нұрлан Сабуров - қазақстандық әзілкеш. Ол Степногорск қаласында туып-өскен. 

Оқи отырыңыз: "Жақында көрісеміз": Головкин желіде жазба қалдырды