НҰР-СҰЛТАН, 5 қыркүйек – Sputnik. Алматыда тұрғын үйлердің жанындағы тау беткейінде қураған шөп өртеніп жатыр. Өрт сөндірушілер өрт орнына жаяу баруға мәжбүр болды.
Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өрт сөндіру жұмыстарын тік беткейлер мен қалың өсімдіктер қиындатып отырғанын айтты.
"Сағат 16.05-те Медеу ауданының Думан шағын ауданындағы Аман бөктер көшесіне өрт сөндіру топтары жіберілді. 46-үйдің жанында тау бөктеріндегі қураған шөп жанып жатыр, оқиға орнына табиғи өрттерді сөндіру жасағы дереу жіберілді. Олар өрт ошағына жаяу кетті", - деп хабарлады ТЖМ.
Кейінірек оқиға орнына табиғи өрттерді сөндіру бойынша құрама жасақ жіберілді.
Солтүстік жақтан жалынның жеке секторға өту қаупі туындады, оның аумағында резеңке шиналар орналасқан.
25 адам мен бес техника жұмыс істеп жатыр.
Бірінші ошақтың аумағы шамамен – 1 гектар, екіншісі – 1,5 гектар.