Саясат

Қазақстан мен Ресей цифрландыру саласында меморандумға қол қойды

Келісімге екі елдің президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин қатысуымен қол қойылды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 3 қыркүйек — Sputnik. Қазақстан мен Ресей цифрландыру саласында меморандумға қол қойды.

Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин мен Сбербанк басшысы Герман Греф Қазақстанды цифрландыру жобаларын жүзеге асыру саласындағы әріптестік бойынша келісім жасасты.

Құжатқа қол қою салтанатына бейне байланыс режимінде екі елдің президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин қатысты.

Меморандумға Шығыс экономикалық форумы аясында қол қойылды.