Спорт

Жеңілмеген қазақ боксшысы көшеде алматылықтармен жекпе-жекке шықты – видео

Жанқош Тұраров өткен-кеткендерге бокс қолғабын үлестіріп, спарринг өткізуді ұсынды  
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 3 қыркүйек – Sputnik. Жеңілмеген қазақ боксшысы Жанқош Тұраров (24-0, 17 КО) Алматы көшелерінде қала тұрғындарымен спарринг өткізуге шешім қабылдады, деп хабарлады Sports.kz.

Тұраров өткен-кеткендерге бокс қолғабын үлестіріп, спарринг өткізуді ұсынды. Жанқош олардың кейбіреуінің видеосын өзінің Instagram парақшасындағы "сторис" бөлімінде жариялады, сонымен қатар басты бетте шағын роликті жұрт назарына ұсынды.

"Әрі қызық әрі спортқа баулу мақсатында жастарға маған соққы жасауға мүмкіндік бердім. Алайда жағдай былай болды", - деп жазды боксшы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Janqosh ‘JoJo’ Turarov (@zhankoshturarov)

Еске сала кетейік, 6 тамызда Тұраров Белфаст қаласындағы (Солтүстік Ирландия) бокс кеші аясында жергілікті боксшы Тайрон Маккеннамен жұдырықтасуды жоспарлаған еді, бірақ жекпе-жек өтпей қалды, ал WBO қазақстандықты бірінші жартылай жеңіл салмақтағы WBO Inter-Continental чемпионы титулынан айырды.