Видео

Қазақстан әскерилері армия ойындарындағы жарыстардың бірінде 3-орынды иеленді

Халықаралық армия ойындарының десанттық бөлімшелер арасындағы жаңа "Тактикалық атқыш" сайысы аяқталды. Қазақстан командасы онда үшінші орынды иеленді
Sputnik

Конкурс Ресейдің Рязань облысында өтті және төрт кезеңнен тұрды.

Бірінші – біліктілік кезеңінде он адамнан тұратын команданың барлық мүшесі бақылау ату тапсырмаларын орындады.

Екінші кезеңде барлық 17 ұлттық команданың атқыштары жеке бақ сынасты, ал алғашқы екі кезеңнің қорытындысы бойынша төрешілер үздік "Тактикалық атқышты" анықтады. Екі кезеңнен кейін Қазақстан құрамасы екінші орынды иеленді.

Үшінші кезеңде әр түрлі нысанаға ату, уақыт пен дәлдікке граната лақтырудан бөлек, жараланған тұтқынды эвакуациялау қажет болды – қатысушылар алдымен тұтқынға көмек көрсетіп, содан кейін жол-жөнекей барлық нысанға оқ ата отырып, оны көлікке отырғызды.   

Төртінші, соңғы кезең "Дуэль" деп аталды. Оған команданың барлық мүшесі қатысты.

Барлық кезеңнің қорытындысы бойынша қазақстандық десантшылар Ресей мен Қытай құрамаларына есе жіберіп, үшінші орынға табан тіреді.

Сайысқа барлығы 17 ұлттық команда қатысты. Оның қалай өткенін видеодан көріңіз.