Оқиға

Теміртауда ер адам ұлын пышақтап өлтірді

68 жастағы ер адам арадағы келіспеушілік барысында ұлына пышақ жарақатын салғанын мойындады
Sputnik

АЛМАТЫ, 2 қыркүйек – Sputnik. Теміртауда 35 жастағы ұлын пышақтап өлтірген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ақмола облысының тұрғыны ұйқыдан оянған кезде ауылдасының өліп жатқанын көрген
Қарағанды облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 29 тамызда Теміртау қаласы Бейбітшілік даңғылында орналасқан үйдегі пәтерлердің бірінен денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар 35 жастағы азаматтың мәйіті табылды.

Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шарасы барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен жәбірленушінің әкесі ұсталды. 68 жастағы ер адам арадағы келіспеушілік барысында ұлына пышақ жарақатын салғанын мойындады.

Аталған факті негізінде Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-тармағы ("Адам өлтіру") бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.