АЛМАТЫ, 2 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандық әнші Тамара Асар қыз дүниеге әкелді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Сүйінші жаңалықты әншінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
"Өмірге Ажар Жұмашқызы келді. Аллаға шүкір", - деп жазды Тамара Асар.
Бұған дейін Тамара Асар тұрмыс құрған ер азаматы жайлы жазған болатын.
"Темірден түйін түйген, еңбекқор, ата-бабасы Ресейде туған, өз ата-анасы бақилық болған, өзі өмір көрген, болмысымды құрмет тұтатын Жұмаш деген өзіммен құрдас кәсіпкер азамат маған үйленді. Өзім де іштей "мендей келіншек дәл осы азаматтың шәйін қайнатып, отын тұтатуы керек" деген ойға тоқтадым", - деп жазды әнші.
Тамара Асар 1976 жылы Маңғыстау облысы Ақшұқыр ауылында туған. 2014 жылы "Құрмет" орденінің иегері атанды.
Ер жеткен Қамбар есімді ұлы бар.