Оқиға

"Жиһазыңды сатып аламын": Шымкент тұрғыны интернет алаяғының құрбаны болды

OLX жарнама қосымшасында тұрған жиһазын белгісіз тұлға аламын деп, ұялы телефонына келген хабарламаны сұрап алған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек — Sputnik. Алаяқ шымкент тұрғынын жарты миллион теңгесіз қалдырды, деп хабарлайды Polisia.kz.

30 тамызда Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының  "102" нөміріне Шымкент қаласының тұрғыны арызданды. Онда OLX жарнама қосымшасында тұрған жиһазын белгісіз тұлға аламын деп, ұялы телефонына келген хабарламаны сұрап алып, ондағы 500 мың теңге ақшасын басқа есепшотқа аударып алған.

Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің тұрғыны жеткізілді. Ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз: "Алаяқтармен олай сөйлесуге болмайды": маман кеңес берді