Оқиға

Ақтөбеде екі қабатты ғимарат опырылып құлады: іште бес адам болған

Төтенше жағдайлар департаменті ғимаратта жөндеу жұмыстары жүргізілгенін хабарлады. Оқыс жағдай жұмыс уақытынан тыс уақытта болды
Sputnik

НҰР -СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. Ақтөбеде "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорының филиалы орналасқан екі қабатты әкімшілік ғимарат опырылып құлады, деп хабарлады Ақтөбе облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға сәрсенбіде, 1 қыркүйекте шамамен сағат 19.25-те болған. 200 шаршы метр аумақ қираған.   

Ақтөбеде екі қабатты ғимарат опырылып құлады: іште бес адам болған

Төтенше жағдай орнына дереу 15 қызметкер мен төрт техника жіберілді, олар ғимаратта болған бес адамды құтқарды. Екі адам ауруханаға жатқызылды.

ТЖД өкілі журналистерге ғимаратта жөндеу жұмыстары жүргізілгенін хабарлады.

Ақтөбеде екі қабатты ғимарат опырылып құлады: іште бес адам болған