Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда тегін гүл таратқан дүкен иесі жауапқа тартылмақ

Дүкен иесі Instagram-да "1 қыркүйекке орай 300 гүл шоғы тегін" акциясын жариялаған. Бұл шара адамдардың бір жерде көптеп шоғырлануына себеп болған  
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтан полициясы 1 қыркүйек қарсаңында тегін гүл таратқан дүкен иесіне қатысты материал жинақтап жатыр.

Sputnik Қазақстан агенттігіне елорда полиция департаменті ұсынған ақпарат бойынша, 31 тамызда сағат 17.23-те "Байқоңыр" ауданындағы полиция басқармасының учаскелік инспекторына астана тұрғынынан Сейфуллин көшесіндегі гүл дүкенінің жанында 100-ге жуық адам жиналғаны туралы хабарлама түскен.

"Дүкен иесі Instagram арқылы "1 қыркүйекке орай 300 гүл шоғы тегін" акциясын жариялағаны анықталды. Ол бұл шара адамдардың бір жерге көптеп шоғырлануына себеп болатынын есепке алмаған", - деді полиция.

Дүкен иесін жауапкершілікке тарту үшін жинақталған материал санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды.