Қоғам

Екі облыс коронавирустың таралуы бойынша "сары" аймаққа өтті

"Сары" аймаққа өткен Шығыс Қазақстан облысында бір күнде 161, Жамбыл облысында 78 адамнан коронавирус анықталды
Sputnik

АЛМАТЫ, 1 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша екі облыс коронавирустың таралуы бойынша "сары" аймаққа өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бірінші қыркүйектегі жағдай бойынша коронавирустың таралуы бойынша "жасыл" аймақта Түркістан облысы тұр.

"Сары" аймақта Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстары бар.

Ал "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан,Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары бар.

Қазақстанда өткен тәулікте 4 320 адамнан коронавирус инфекциясы табылды. Бір күн бұрын 4 332 науқас тіркелген.

Науқастар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы қатарда тұр. Қалада бір күнде 1 259 адамнан инфекция табылды.

Ал "сары" аймаққа өткен Шығыс Қазақстан облысында бір күнде 161 адам науқастанса, Жамбыл облысында 78 адамнан коронавирус анықталды.