Қоғам

Pfizer вакцинасы Қазақстанда уақытша тіркеуден өтті: екпе кімге арналған

Медициналық препарат Қазақстанға 2021 жылдың қазанында жеткізіледі деп жоспарланған
Sputnik

АЛМАТЫ, 1 қыркүйек – Sputnik. Pfizer-BioNTech Comirnaty вакцинасы Қазақстанда уақытша тіркеу куәлігін алды.

Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті 23 тамызда "Комирнати" вакцинасына 8 айға уақытша тіркеу куәлігін берді.

Бұл Қазақстанда осы вакцинаны ел тұрғындарына салуға рұқсат берілгенін білдіреді.

"Вакцина алмағанына өкінеді": денсаулық министрі халыққа үндеу жасады

Бұған дейін Pfizer вакцинасын бірінші кезеңде 12 жастан асқан балалар мен жүкті әйелдер алатыны туралы хабарланды.

"Бастапқы кезеңде, қазанда Pfizer вакцинасы тек балалар мен жүкті әйелдер үшін қолжетімді болады, сондықтан оған сенудің қажеті жоқ. Қазір барып, вакцина салдыру керек", - деді денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Балаларға бұл вакцина тек ата-ана немесе заңды қамқоршысының рұқсатымен ғана салынады.