Қоғам

Парламентке рақымшылық туралы заң жобасы түсті

Рақымшылыққа қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін қылмыс жасаған адамдар, соның ішінде әлеуметтік осал топқа кіретін азаматтар ілігеді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Парламент мәжілісі рақымшылық жасау туралы заңды пысықтауға кірісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Қожахметовтың айтуынша, "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заң жобасы президенттің тапсырамасы бойынша әзірленді.

"Заң жобасы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ізгілік қағидаты негізінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде отырған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жазадан және қылмыстық жауаптылықтан босатуға, сондай-ақ жазаның өтелмеген бөлігін қысқартуға бағытталған", - деді Қожахметов мәжілістің жалпы отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, рақымшылыққа қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін қылмыс жасаған адамдар, соның ішінде әлеуметтік осал топқа кіретін азаматтар ілігеді.

Оқи отырыңыз: Педофилдерге рақымшылық жасалмайды