Саясат

Мәжілістің құрамына жаңа депутат қабылданды

Нұрлыбек Ожаев анттың мәтінін жаттап келді. Әріптестері оны құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Парламент мәжілісінің жаңа депутаты ант берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Өткен сессияның соңында Нұрлыбек Ожаев Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен мәжіліс депутаты ретінде тіркелген болатын. Конституция бойынша парламент депутаты Қазақстан халқына ант береді", - деді мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Ожаев Nur Otan партиясының тізімі бойынша мәжіліске өтіп тұр.

Нұрлыбек Ожаев анттың мәтінін жаттап келді. Осыдан кейін әріптестері оны құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі.

Жаңа депутат аграрлық мәселелері жөніндегі комитеттің мүшелігіне де сайланды.

Айта кетері, бүгін мәжіліс депутат Азат Сембиновтың өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтатты. Ол өз еркімен жұмыстан кету туралы өтініш берген.

Оқи отырыңыз: Елордалық депутат емханаларға 100 оттегі концентратын табыстады