Өңірлер

Ақтөбеде 6 мектепте салтанатты шара тоқтатылып, адамдар қауіпсіз жерге шығарылды

Мектептерде саперлер мен полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр
Sputnik

АЛМАТЫ, 1 қыркүйек – Sputnik. Ақтөбе қаласында мектептерде бомба қойылғаны туралы хабар тарады.

Соған байланысты қаланың әртүрлі ауданындағы алты мектепте бірінші қыркүйекте 1-сынып оқушыларына арналған салтанатты шара өтпеді. Адамдарды қауіпсіз жерге жеткізіп, полиция мен төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерін шақыруға тура келді, деп хабарлады "Мой город".

Басылым ақпатына сәйкес, белгісіз біреу № 1, 2, 22, 21, 51, 56 мектепке бомба қойылғаны туралы хабарлаған. Хат №2 мектептің электронды поштасына бірінші қыркүйек таңғы 8:30-да келген.

"Бомба күтіңдер": Таразда зейнеткер аурухананы жарып жіберемін деп қорқытқан

Ақтөбе облысы білім басқармасының басшысы Жолдас Батырханның айтуынша, өңірде 418 мектеп бар. Оның ішінде алты мектеп салтанатты шара тоқтатылды. Мұғалімдер мен оқушылар эвакуацияланды.

Мектептерде саперлер мен полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.