Өңірлер

Алматы көшелерінің бірінде жаяу жүргінші жолағы "жылжып" кетті

Наурызбай ауданының әкімдігі осы видеоға қатысты түсініктеме берді. Әкімдік өкілдері қалпына келтіру жұмыстары жақын уақытта басталатынын айтты
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек — Sputnik. Алматыдағы Наурызбай ауданында Кенесары Хан көшесіндегі асфальт жылжып кетті. Кедір-бұдыр жолдың видеосы инстаграмдағы kris.p.almaty.official парақшасында пайда болды.

Кадрда көрініп тұрғандай, бүкіл асфальт кедір-бұдыр және шұңқыр көп. Жол белгісінің "қозғалуына" кейбір жердегі жол жабынының жылжып кетуі себепші болған.

"Кенесары Хан көшесінде адамдар үшін қашан сапалы жол салынады? Жолдағы шұңқырларға түспеймін деп, жол апатына ұшырауға шақ қалады. Люктер мен асфальт "көшіп" жатыр", - деп жазылған видеода.

Наурызбай ауданының әкімдігі осы видеоға қатысты түсініктеме берді. Олар "Связьстроймеханизация" ЖШС мердігер мекемесіндегілерге түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін хабарлады. Әкімдік өкілдері қалпына келтіру жұмыстары жақын уақытта басталатынын айтты.