Әлем

Қытайлар коронавирустың пайда болуына қатысты тағы бір болжам жасады

Қытай реттеуіші Уханьға коронавирус басқа өңірден немесе елден келуі мүмкін екенін болжады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 31 тамыз — Sputnik. Коронавирус Уханьға мұздатылған өнімдер арқылы жеткен болуы мүмкін. Бұл туралы РИА Новости Қытайдың Global Times газетіне сілтеме жасап жазды.

"Қытай 2020 жылдың сәуірінде вирустың таралуын біршама тежеп тұрған шақта, жазда коронавирус Бейжің мен Далянда эпизодтық сипатта тарала бастады. Осылайша біз эпидемиологиялық зерттеу жүргізіп, вирус мұздатылған өнімдерді тасымалдау жолы арқылы басқа өңірден немесе елден келгенін растадық", - дейді Қытайдың ауруларды бақылау және профилактика орталығының төрағасы Ма Хуэйлай.

Оқи отырыңыз: Коронавирус қайдан шықты – Ухань зертханасында істеген вирусолог болжам жасады 

Уханьға барған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері де осы тектес тұжырымға келді. Олар наурызда жариялаған өз баяндамаларында вирус салқындатылған өнімдер арқылы жүзеге таралған болуы мүмкін деп болжаған еді.

Алайда сарапшылар коронавирустың жаңа түрі адамдарға жарқанаттан басқа жануарлар арқылы жұққан деген нұсқадан бас тартқан жоқ. Ал вирус зертханадан әдейі шығарылғаны жайлы әңгіме шындыққа жанаспайды дейді мамандар.