Өңірлер

Бірнеше метрге ұшып кетті: Тараз маңындағы жаралыс кезінде түсірілген видео жарияланды

Одан дүмпу болған кезде дәмхана қонағының бірнеше метр жерге ұшып кеткенін көруге болады. Ал далада жарылыс екпінінен шаң көтерілген
Sputnik

АЛМАТЫ, 31 тамыз – Sputnik. Жамбыл облысы Байзақ ауданында оқ-дәрі қоймасы жарылған сәтте жақын маңдағы дәмханада не болғаны түсірілген видео жарияланды.

Видеоны Aibat жаңалықтар қызметі жариялады.

Одан дүмпу болған кезде дәмхана қонағының бірнеше метр жерге ұшып кеткенін көруге болады. Ал далада жарылыс екпінінен шаң көтерілген.

Сондай-ақ әскери киім киген ер адамның қақпа үстінен өтіп, сыртынан есікті ашып, тағы екі адамды шығарған сәті түсірілген.

Бұған дейін жарылыс шыққан маңдағы кәсіп нысандарының иелері Sputnik Қазақстан тілшісіне сол күні не болғанын айтып берді. Кәсіпкер Жанна Назарбекованың сөзінше, төтенше жағдай болған кезде дәмхана мен дүкендерде күнделікті жұмысын атқарып жүрген 20 шақты адам болған.

Қонақ үй ішінде келуші болмаған, дәмханада бірнеше адамға қызмет көрсетілген. Жарылыс басталған сәтте бәрі қауіпсіз аймақ ретінде жазық далаға қашқан.

Ләззат Жабатаева есімді кәсіпкердің қол астында сол жерде 50 адам жұмыс істеп жатқан. Олардың барлығы дер кезінде қашып үлгерген.

Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында жарылыс орнынан табылған үш мәйіттің жеке басы анықталды