Өңірлер

Жамбыл облысында жарылыс орнынан табылған үш мәйіттің жеке басы анықталды

Олардың барлығы Жамбыл облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері
Sputnik

АЛМАТЫ, 31 тамыз – Sputnik. Жамбыл облысында оқ-дәрілер қоймасында болған өрт орнынан табылған үш мәйіттің жеке басы анықталды, деп хабарлады қорғаныс министрлігі.

Барлығы Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері:

  • 1-ші өрт сөндіру бөлімінің қызметкері-жүргізушісі аға сержант Ғафан Жомартұлы Қуатбек, 1995 жылы туған.
  • 4-ші өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы сержант Әділет Қанатбекұлы Әділбек, 1987 жылы туған.
  • 4-ші өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы қатардағы жауынгер Әліби Бексұлтанұлы Кеңес, 1999 жылы туған.

Осылайша, барлық 15 адамның жеке басы анықталды.

Бұған дейін Жамбыл облысында жарылыс салдарынан 15 адамның қайтыс болғаны хабарланды.

26 тамыз кешкі жетілер шамасында Жамбыл облысы Байзақ ауданында әскери бөлім қоймаларының бірінде өрт шығып, артынша оннан астам жарылыс болды. Белгілі болғандай, қоймада инженерлік оқ-дәрі сақталған.

Оқи отырыңыз: "Біреу айқайлады, біреу жылады": өрт сөндіруші жарылыстың қалай басталғанын айтты