Оқиға

Алматыда басшылық қызметтегі полицей қызметкерді ұрды деген күдікке ілінді

Жағдайға байланысты жергілікті полиция түсініктеме берді. Кінәлілерге қатаң шара қолданылады
Sputnik

АЛМАТЫ, 31 тамыз – Sputnik. Алматының Наурызбай ауданы полиция басқармасы бастығының орынбасары қол астындағы қызметкерді соққыға жықты деген күдікке ілінді.

Болған оқиғаның видеосы желіде жарияланды.

Желіде тараған видеода Наурызбай ауданы полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры Қ.Е. Жақыпбаевқа ұқсайтын адам жас қызметкерді ұрып-соғып жатыр. Видеоның сипаттамасында оның бұл әрекетіне криминалдық полиция бөлімі бастығының орынбасары қосылғаны айтылған.

Жағдайға байланысты жергілікті полиция түсініктеме берді. Аталған факті бойынша қызметтік тексеру басталды, оның барысында жарияланған видео зерделеніп, болған оқиғаның мән-жайы анықталады.

"Тәртіптік комиссия кінәлі адамдарға қатаң шара қолданады, тіпті ішкі істер органдарынан жұмыстан босатуға дейін жаза қарастырылған", - деп атап өтті ведомстводағылар.

Оқи отырыңыз: Әлеуметтік желіде жарияланған шағымнан соң Қарағандыдағы түрме тексерілді

ОқиғаАлматыполицияұрып-соғу