Оқиға

Алматы облысында төрт жігіт 14 жастағы оқушы қызды зорлап тастады

Күдіктілер – Текелі қаласының тұрғындары, олар қамауға алынды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 31 тамыз – Sputnik. Алматы облысында 14 жастағы қызды зорлады деген күдікпен төрт жігіт ұсталды. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға облыстың полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

10 шілде күні Текелі қалалық полиция бөліміне Ескелді ауданының 36 жастағы тұрғынынан 14 жастағы қызы зорланғаны туралы арыз түсті.

"Жедел іздестіру шаралары барысында төрт күдікті анықталды, олардың біреуі 18 жаста және қалған үшеуі 17-і жаста. Олар Текелі қаласының тұрғындары болып шықты", - делінген хабарламада.

Тағы оқыңыз: Петропавлда кішкентай қызды зорлады деген күдікті ұсталды

Қазір Қылмыстық кодекстің 120-бабы 3-бөлігі бойынша (Зорлау) қылмыстық іс тергелуде. Бірқатар сараптама тағайындалды.

Күдіктілер қамауға алынды.