Оқиға

Алматыда LADA көлігі КамАЗ-дың астына кіріп кетті: жүргізушілер дін аман

LADA Priora-ның жүргізушісі қатты жарақат алмады. Бір-екі жері ғана көгеріп қалған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 31 тамыз – Sputnik. Алматы қаласында жүк пен жеңіл көлік бетпе-бет соқтығысты, деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаменті. 

Ресми мәліметке сәйкес, жол апаты 31 тамызда таңертең Алатау ауданында болған. LADA жүргізушісі Северное кольцо тас жолымен солтүстікке қарай жүріп бара жатқанда ұйықтап кеткен.

Алматыда LADA көлігі КамАЗ-дың астына кіріп кетті: жүргізушілер дін аман

Содан көлік алдымен бетон тосқауылға соғылды. Одан кейін жолдың қарсы бетінде келе жатқан КамАЗ-дың астына түсті.

Соққының қатты болғаны сонша, жеңіл көліктің жартысы мыжылып қалды. Бірақ ешкім зардап шеккен жоқ.

Алматыда LADA көлігі КамАЗ-дың астына кіріп кетті: жүргізушілер дін аман

LADA Priora-ның жүргізушісі де қатты жарақат алмады. Бір-екі жері ғана көгеріп қалған.

Полиция департаменті жол апаты бойынша тергеу шаралары бастауды жоспарлап отыр. Қазіргі кезде көлік жүргізушілері медициналық тексеріске жіберілді.

Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында 11 көлік соқтығысты: желіде видеосы тарады