НҰР-СҰЛТАН, 30 тамыз – Sputnik. Дәрігер-терапевт, гастроэнтеролог Никита Харлов Sputnik радиосына берген сұхбатында коронавирусқа қарсы вакцина салдырар алдында қандай тағамнан бас тарту керек екенін айтты.
Оның айтуынша, тәттіден уақытша бас тарту өте маңызды.
"Вакцина алдында тәтті жеуге тыйым салынады. Себебі қанда қант деңгейі жоғарыласа, екпе ауыр түрде өтеді", - деді Харлов.
Бұл құрамында көмірсулары көп басқа да өнімдерге қатысты. Олар: картоп, ботқа, нан.
Сондай-ақ, маман вакцина алардың алдында жеміс-жидекті де екі есе азайтуға кеңес берді. Айтуынша, екпеге дейін және одан кейін ең зияны – банан, қауын және жүзім. Тек цитрус жемістері пайдалы. Лимон, лайм және грейпфрутты жей беруге болады.
Тағы оқыңыз: Дәрігер ковидтен кейінгі синдром қашан білінетінін айтты
"Шұжықтың немесе сүттің нақты маркасына дейін, өзіңіз бұрыннан үйренген тамақты ғана жеңіз. Жаңа тағамның дәмін татпаңыз. Тойып тамақ ішу де иммундық жүйеге кері әсер етеді", - деп ескертті дәрігер.