Оқиға

Қауіпсіз жерге эвакуацияланған адамдардың саны үш мыңға жетті – ІІМ

Жарылыс болған аумаққа баратын жолдар әлі жабық тұр, арнайы қызметтің автокөліктері ғана кіре алады
Sputnik

НҰР -СҰЛТАН, 28 тамыз – Sputnik. Жамбыл облысының полиция қызметкерлері жарылыстың салдарын жою үшін тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.

"Барлығы 7 рейс жасалды, 3 мыңға жуық адам тасымалданды. Жарылыс болған аумаққа баратын жолдар әлі жабық тұр, арнайы қызметтің автокөліктері ғана кіре алады", - делінген ішкі істер министрлігінің хабарламасында.

Оқиға орнында жедел әрекет ететін арнайы жасақ, саперлер мен кинологтар жұмыс істеп жатыр. Өнеркәсіптік, сауда және тұрғын үй нысандары тексерілуде.

Жамбыл облысындағы трагедия: Тоқаев Жалпыұлттық аза тұту күнін жариялады

Жағдай ішкі істер министрлігінің бақылауында, деп хабарлады ведомство.

Естеріңізге салайық, 26 тамыз күні кешкі уақытта Жамбыл облысының әскери бөліміндегі қоймалардың бірінде жарылыс болды. Салдарынан 13 адам қаза тапты.